«Ақмола-Бетон» ЖШС 2005 жылы құрылған.

Біздің кәсіпорнымыз:

  • Тауарлық бетон қоспаларының;
  • Ұсақ түйірлі бетон қоспаларының (құм бетон);
  • Құрылыс цементті-құм ерітінділерінің;
  • Темірбетон бұйымдарының өндірушісі болып табылады.

Сонымен қатар қазақстандық және ресейлік өндірушілердің цементін өткізеді.
TEKA фирмасының (Германияда жасалған) екі автоматтандырылған бетон араластырғыш тораптың (БАТ) тәуліктік өнімділігі 2500-2800 м3. Инертті материалдар қабырғалары мен едендері бумен жылытылатын жабық қоймаларда әзірленеді. Араластырғышқа тиегенге дейін әзірленген материалдар құрғақ, борпылдақ және жылы күйде болады, бұл жоғары сапалы бетон қоспалары мен ерітінділерді шығару мүмкіндігін береді. Өндіріс үрдісі толығымен компьютерленген және автоматтандырылған.

Біздің зауытымыздың өнімі сертификатталған, әрбір партия сапа туралы құжатпен сүйемелденеді. Шикізаттық материалдар мен бүкіл шығарылатын өнімнің сапасы «Ақмола-Бетон» ЖШС-нің аттестатталған зертханасымен бақыланады.
Меншік жоғары және төмен теміржол тұйығының болуы меншік қоймаларымызды инертті материалдармен және цементпен уақытында жабдықтау мүмкіндігін береді.
Кәсіпорынның автопаркі бар, ол:
- көлемі 8-10м3 50 бірл. көлеміндегі автоматты бетон араластырғыштан (автомиксерден);
- жең ұзындығы 42м «Putzmeister» автоматты бетон сорғысынан;
- жүккөтергіштігі 10-40 тонна автоматты цемент тасығыштардан;
- HOWO автотүсіргілерден;
- фронтальды жүк тиегіштерден (шөміш көлемі – 3м3);
- Газ 3307 (будка);
- Экскаватордан;
- Су тасығыштан құралған
Бүкіл көлік техникасы GPS-навигация жүйесімен жабдықталған, жол жүру траекториясы тәулік бойы бақыланады.
Егер Сіз сапасын таңдасаңыз, өзара қызметтестікке қуанышты боламыз.