«Ақмола-Бетон»

Жауакершілігі шектеулі серіктестігінің

САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

Біздің ұранымыз:Кәсіпорын қызметін тұрақты жақсарту– бұл зауыттағы әрбір жұмысшының әл-ауқатын жақсарту.

«Ақмола-Бетон» ЖШС-нің сапа саласындағы саясаты өнімге қойылатын талаптардың өсуі жағдайында Тұтынушының үміттерін қанағаттандыратын, кәсіпорынның жоғары қызмет деңгейіне жетуге және сақтауға бағытталған.

Біз сапаға келгенде негізгі қағидаттарды белгіледік:

  • Біз өз Тұтынушыларымызға тәуелдіміз – олардың қажеттіліктерін зерттейміз, талаптарын орындаймыз және үміттерін ақтауға тырысамыз.Сынақтардың жоғары сапасын, нәтижелердің нақтылығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету арқылы, тұтынушыларға олардың талаптарын қанағаттандыратын сынақ нәтижелерін уақытында, тұрақты, үнемді шығындармен олардың ұсынамыз.
  • «Ақмола-Бетон» ЖШС-нің ұжымы – зауыттағы ең үлкен құндылық – Біз тәжірибеміз мен білімдерімізді сақтау үшін бір команда болып еңбек етеміз. Біз жаңа технология мен технологиялық даму түрлерін енгізу және меңгеру барысында қызметкерлер құрамының шығармашылық қабілеттіктерін аша отырып өз қызметімізді қалыптастырамыз. Қызметкерлер құрамын сапа саласындағы саясатты жүзеге асыруға тарта отырып, біз алға қойылған мақсаттарды шешуде әрбір қызметкердің жауапкершілік, жақсарту мүмкіндіктерін іздеу, өз білімін, тәжірибесі мен құзыреттігін жоғарылату, өз тәжірибесі мен білімін команда мүшелеріне беру бастамасын қолдаймыз.
  • Жеткізушілермен өзара тиімді қатынастар – Біз шикізат пен материалдар сапасын жақсарту арқылы сапалы өнім жасаудың негізін қамтамасыз етеміз. Адам факторын, басшылықтың жауапкершілігін, барлық мүдделі тараптардың техникалық мүмкіндіктері мен өзара тиімді қатынастарын ескере отырып, алға қойылған мақсатқа жету үшін «Ақмола-Бетон» ЖШС қазіргі заманғы халықаралық және отандық сапа менеджменті тәжірибесін зерттеу және меңгеру арқылы атқарылатын жұмыстар мен қызметтер сапасына әсер етеді.

Сапа саласында көздеген саясат бағыттарына жету үшін қызметкерлердің осы ережелерді қадағалау міндеттемелері мен кәсіпорын басшылығының басқару және өндіріс саласындағы барлық үрдістердің нәтижелігін жоғарылату және енгізу бойынша міндеттемелері өмірлік маңызды болып табылатынын түсінеміз.