Ауыр бетон

Біз төмендегідей беріктік маркалары бойынша жоғары сапалы бетон қоспаларын өндіреміз:

Бетонның беріктік класы

Бетоннның беріктігі бойынша жуық маркасы

Жуық беріктік класы (Еуростандарт)

В7,5

М100

С 8/10

В10

М150

С12/15

В15

М200

С16/20

В20

М250

С20/25

В22,5

М300

С25/30

В25

М350

С30/37

В 30

М400

-

В35

М450

С35/45

В40

М550

С40/50

В45

М600

С45/55

В50

М700

С55/67

 

•Күрделі, қатты бекемдетілген құрылымдарды бетондау үшін және бетонды жоғары қабаттарға оңай айдап қотару үшін біз бесінші ұрпақтың химиялық қоспаларын қолдана отырып, өздігінен тығыздалатын барлық маркалы бетон қоспаларын ұсынамыз.

• Алыс қашықтықтарға тасымалдау үшін бетон қоспасына, созымдылығын өзгертпей 4 сағатқа дейін әрекет ететін қатаюын баяулатқыш енгізіледі.

• Бүгілу беріктігі, сызатқа төзімділігі және үгілуі бойынша қойылатын талаптары жоғары құрылымдар үшін біз полипропилен фиброталшығы бар бетон қоспаларын өндіреміз (талшықтардың ұзындығы 12мм).

• Су өткізбеушілігі мен төзімділігі бойынша қойылатын талаптары жоғары құрылымдар үшін пенетрациялайтын қоспаларды қоса отырып, бетон қоспалары өндіріледі.

Бетон қоспалары жыл бойы +30С-тан бастап -30С-қа дейінгі ауа температурасы кезінде өндіріледі, бұл ретте бетон қоспасының температурасы +20С - +35С құрайды.

Бетон қоспаларының қолданылуы

• В 7,5 (М100) – В15 (М200) класты бетон қоспалары жүктелмеген қабат ретінде – монолитті салмақ түсетін құрылымдар; топырақ бойынша бетондалатын едендердің астына дайындық ретінде; кіші сәулет пішіндерін; шағын үйлерге арналған іргетастар мен үлкен жүктеме түспейтін өзге құрылымдарды орнату үшін пайдаланылады.

• В20(М250) – В22,5(300) класты бетон қоспалары автокөлік жолдарын; жабын плиталарын төсеу үшін; тіреп тұратын және монолитті қабырғаларды; коллекторлық жүйелерді; бетон жолақтарын; сатыларды, жолдарды; таспалы және плиталы іргетастарды тұрғызған кезде қолданылады.

• В25 (М350) класты бетон қоспалары салмақ түсетін қабырғаларды көтерген кезде; жабын плиталарын; арқалықтарды; бағандарды; темірбетон құрылымдары мен бұйымдарды көтерген кезде; монолитті іргетастарды тұрғызған кезде; айрықша жүктеме жағдайында пайдалануға арналған ПАГ аэродромға арналған жол плиталарын дайындау үшін қолданылады.

• В30(М400) – В55 (М700) класты бетон қоспаларының беріктігі жоғары. Биік ғимараттарды салған кезде; монолитті көп қабатты ғимараттардың төменгі (жертөле) қабаттарын көтерген кезде; су сақтайтын сұйыққоймаларды; гидротехникалық құрылғыларды; банктік қоймаларды салған кезде; бассейндерді құйған кезде; бағандарды, көлденең тосқауылдарды және арнайы талаптар қойылатын әртүрлі өзге құрылымдарды көтерген кезде қолданылады.